ЗАМАНАУИ ХИДЖАБ АУРУЫ (ІІ-бөлім) 🌙
... Төмендегі жазбада қазіргі үш сән тенденциясы талқыланады:
📘 1. Ашық мойын. Ашық мойын мен артқа тағылған орамал, бұл – Исламға дейінгі әйелдердің сән үлгісі еді. Олардың кейбірі одан бетер әсерлі көріну үшін мойындарына жылтыраған ауыр алқалар киетін еді. Ислам болса барлық қажетсіз дәстүлердің күшін жойып, ата-бабаның кейіпсіз салттарына тыйым салды. Ал енді Исламның тыйым салған нәрсесін жаңартудың не қажеті бар? Исламның қағидаларына сай, мойын аурат болып есептеледі (жабық болуы керек), сол себепті, өтінемін, орамалды артқа тартсаңыз мойындарыңызға орамал ораңыз. Немесе жай ғана орамалды алдыңғы жаққа түйреп, ұштарын кеудеге түсіру керек.
📘 2. Салпылдаған шаш. Кейбір қыздардың кекілі орамалдың астынан маңдайларына түсіп, кейде тіпті көздеріне де түседі. Қазір кекіл орамалдан шығып кеткен кезде әсерлі көріну үшін кекілді арнайы көтеріп, сарғыш түске бояу қатты таралып кетті. Біз бұны фотомодельдердің фотосуреттерінен көре аламыз. Егер шаш артқа тартылмаса, алдыңғы шаш көзге түсіп, әйел еліктіретіндей көрінеді. Бұның алдын алу өте оңай, ол үшін басыңызға арнайы резеңке тағып, шашты түймелеу керек. Хиджаб астына киетін бас киімдер (боне) арнайы орамал астында киіліп, шаштың шықпауы үшін тігіледі.
📘 3. Шығып тұрған құлақ. Кейде орамал тағатын әйелдер құлақтары мен сырғаларын ашық қалдырады. Сырғалар – негізінде, жарқын әшекейлер, ал біздің жағдайда олар үлкен болғандықтан жарқ-жұрқ етіп көздің жауын алады. Адамдарды өзіне қызықтырудан басқа, құлақ ашуға себеп жоқ. Өтінем, оларды жабыңыздар.
Ал енді мұсылман әйелге лайық емес тағы бір үлгі туралы айтайын.
📘 4. Жоғары-жоғары. Арнайы жастықша салу не биікке шашты буып, үстінен орамал тағу арқылы хиджабты биік етуге болады. Кейде жанынан гүл қаланады немесе орамалдың ұштары гүл болып түйіледі. Өкінішке орай, бұның бәрі “Маған назар аударыңдар!” деп тұрғандай көрінеді. Өзіңіздің амандығыңыз үшін хиджабты олай кимеңізші, өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жоғарыдағыдай киінетін адамдар туралы төмендегі екі хадисте ескертіп кеткен еді.
Әбу Хурайрадан (Аллаһ одан разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай дегені жеткізілді:
«Мен тозақ адамдарынан екі топ адамды ғана көрмедім. Олар қолдарына сиырдың құйрығындай қамшы алып, адамдарды зорлоайтын кісілер және киінген, бірақ жалаңаш тәрізді өзгелерге көңіл қоюшы және өзгелердің назарын өздеріне аударуға ұмтылатын, бастары тура түйенің өркеші секілді әйелдер. Олар жәннәтқа кірмейді. Иісін сезбейді де» (Сахих Муслим)
Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай деген:
«Менің үмметімнен соңғыларының арасында аз киінетін әйелдер болады, бастарындағы шаш түйе өркешіндей көрінеді. Оларды лағынет етіндер, расында, олар лағынетке ұшырағандар » (әт-Табарани мен Сахих Муслим)
Осыған орай, бұл хадистерден ұғатынымыз, маған және менің діндегі әпке-сіңлілеріме бұндай киім үлгісінен барынша сақтану керек.
📘 5. Тайғақ орамал. Баста тұруға шаршаған орамал қайта-қайта иыққа қарай түсіп, қыздың әдемі шаштарын ашық қалдырады. Орамал түсе бермес үшін, оны таймайтын матадан таңдаңыз. Орамалды шашқа жанынан не төбесінен түйреп қойса да болады.
📘 6. Денені қысып тұратын киім. Мысалы, әйел адамның жіңішке шалбар немесе боди киюі. Дәл осыған кез келген жабысатын киім жатады: мысалы, дененің сәулетін бейнелеп тұратын көйлектер. Бұндай киім ибалылы мұсылман әйеліне мүлдем сай емес, ал хиджабтың түпкі сыры – ибалықта. Әйел өз денесін жұртқа ашық қалдырған болады. Жабысқан жемпір мен жіңішке шалбардың үстінен кеуде мен белді жабу ұшін ұзын көйлекше киілгеннің өзінде, қол мен аяқ сәулеті анық болып қалады. Сондықтан, кең киім кию керек.
📘 7. Боялған бет. Ерін далабы (помада), тени, бронзер, бұл — декоративті косметика. Бірақ біз Алланың ерекше көркем жаратылған мақлұқтары емеспіз бе? Қазіргі стандартқа сай болу үшін жасанды фабрикалық құралдарды қолданып не үшін кемсінуіміз керек? Сұлулығыңды жасырам деп хиджаб киген адамдардың алдында не мақсатпен өңіне сұлулық беріп, сыланасың? Бұдан әрі, адамдар сенің Аллаһ жаратқан болмысыңды қабылдамаса, олар үшін тырысудың түк қажеті жоқ!
Бұның бәрін мен неліктен қайталап жатырмын? Өйткені, біз, жабулы әйелдер — өзіміздің ғана емес, барлық хиджаб киюші мұсылман әйелдерінің көрсеткішісіміз. Аллаһ Тағаламен байланысты күшейтіп, өзіміздің алдымызда адал болу үшін Алланың бізге еткен бұйрықтарын ең көркем түрде орындауымыз қажет (ихсанды қолданысқа алу керек). Алғашқы қадам жасап, ауратымызды жапсақ, әлхамдулиЛләһ. Бірақ осымен тоқтамайық. Хиджаб хиджаб боп қалуы үшін оны барлық талаптарына сай етіп кию керек. Хиджабты лайықты түрде киетін болсақ, естиярлық танытып, қоғамда беделге ие боламыз. Расында, тек Алланың әмірін орындау арқылы ғана біздер Оған деген шынайы махаббат пен шынайы бойсұнушылыққа жетуге үміттене аламыз.
Сонымен, егер де біз хиджабты Құран мен Сүннетте талап етілгендей кимесек, Исламнан хабары жоқ адамдар соны дұрыс деп қабылдауы мүмкін. Біз әр ісіміз бен сөзімізге үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек, өйткені біз — мұсылман халқының айнасымыз. Адамдардың алдында лайықсыз киіну салдарынан қалыптасатын сыртқы көрініске өзіміз жауапты екенімізді ұмытпайық. Дінімізді оң жағынан көрсетіп, сырт болмысымыз арқылы шынайы насихат жасайық, қарапайымдылыққа шақырайық. Жұрт алдында дінінде нық тұратын, Раббысының әмірін орындайтын нағыз мүминдер екенімізді көрсетейік!
Жалпы, киім кигенде ең жеңілі “Қарапайымдырақ бол” қағидасын ұстану.
Ниетімізді тазарту мақсатында, хиджабты қалай киіп жүргенімізді бір тексеріп шығамыз деген үміттемін. Ал тазарған ниет, ин шәә Аллаһ, біздің сыртымызда да көрініс табады. Менің дұрыс айтқанымның барлығы — Алладан, ал егер де қате жіберген болсам, өзіме толықтай жауапкершілік алып, Алладан кешірім сұраймын.
📘 Қосымша ескерту:
Туника мен шалбар. Әйел адамның шалбар киюінде екі мәселе алға қойылады: еркектерді қызықтыру және еркектерге ұқсау. Біріншіден, шалбар аяқтың сәулетін көрсетеді және ондай әйел еркектердің назарын аударып, еліктіру мүмкін. Екіншіден, шалбардың әйелдерге арналған үлгілері шыққанымен, шындығында олар ер табиғатына ғана сай киім болып қала береді. Бірінші мәселені кең шалбар кию арқылы шеше алсақ та, еркекке ұқсамас үшін шалбарды тастаудан басқа амал жоқ. Расында, Алладан қорқатын және Қияметте Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) үмметінен болам деушілерге төмендегі хадистер шалбарды тастау үшін жеткілікті.
Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) риуаят етеді:
«Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерге ұқсаған еркектерді, еркектерге ұқсаған әйелдерді лағынет етті» (Бухари)
Абу Хурайра (Алла оған разы болсын) айтқан:
«Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) әйелдің киімін киген еркекті және еркектің киімін киген әйелді лағынет етті» (Әбу Дауд)
Айша (Алла оған разы болсын) айтады:
«Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) еркектерге ұқсаған әйелдерді лағынет етті» (Әбу Дауд)
Ендеше, шетелдің модасына алданбай, өзіміздің Алла берген табиғатымызға сай болайық!
✏ Мақала annisa-today.ru сайтынан аударылды.
Ханафи бауырлар қауымдастығы