☝ДIН ИСЛАМ - ДIҢГЕГIМ✅
Исламды мойындаған атақтылар:
★ Мұхаммед Әли - Кәсіпқой боксшы Кассиус Клей 22 жасында хақ жолға түсіп, есімін Мұхаммед Әли деп өзгерткен.
★ Майкл Джексон - Әлемге әйгілі талайды тамсандырған поп-әнші Майкл Джексон да 2003 жылы исламды қабылдаған.
★ Майк Тайсон - Ұлы боксшылардың қатарына қосылған аты-шулы Майк Тайсон 90-жылдары ислам дінін қабылдады.
★ Роуэн Аткинсон - Ағылшынның 14 сериялы "Мистер Бин" комедиясы арқылы аты әлемге танылған ол, жақында исламды қабылдады.
★ Тиери Анри - Атақты футболшы, француз шабуылшысы 2010 жылы мұсылман дінін қабылдады. Ол қақпаға гол соққан сайын жасыл алаңда сәждеге жығылғандай ишара жасап, Аллаға құлшылық еткен.
★ Жак Ив Кусто - Француз ғалымы 1962 жылы Атлант мұхиты мен Жерорта теңізін зерттеген ол ащы және тұщы судың араласпайтынына қайран қалып, көп ізденеді. Профессор Морис Букайға жолығып, қасиетті Құраннан жауап іздеуге кеңес берген соң құбылыс сырын сол арқылы тапқан.
★ Иоганн Вольфтанг Гете - Зерттеушілер "Ұлы ойшыл неміс ақынының исламға мойын бұруына 1813 жылы бір сарбаздың Испаниядан арабтың көне қолжазбасын әкеп бергені ықпал еткен. Ол Құранның 114 - "Ан-Нас" сүресі екен" дейді. Сүрені зерттеген ақын ислам дінінің хақтығына сенген.
★ А. С. Пушкин - Оның ислам дініне ілтипаты өте жоғары болған. Ислам туралы өлеңдері көп. "Ұлы Петрдің арабы" атты шығармасына ұлты араб, нағашы бабасы Ибрагимнің өмірбаяны өзек болған.
★ Л. Н. Толстой - Ұлы жазушы ислам дініне зор құрметпен қараған. Жазған хаттарында тіпті шіркеуден жерінгенін анық жазған.