Әр бір мұсылман білуі керек!!!
1-Парыз деген не?
Парыз-Аллаһ тағаланың анық бұйырып, орындалуын талап еткен істері: мәселен, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру және т.б.
(парыздың орындалуы - сауап, орындалмауы - күнә).
2-Уәжіп деген не?
Уәжіп - орындалуы дәл парыз секілді талап етілмеген, бірақ діни маңызы қуатты дәлелдермен анықталған іс-әректеттер. Мысалы: Құрбан шалу, үтір және айт намазын оқу, т.б. Уәжіптің үкімі де парызға ұқсас. Яғни, орындалса - сауап, орындалмаса - күнә.
3-Харам деген не?
Аллаһ тағала қатаң тиым салған істер. Мәселен, құмар ойнау ішімдік ішу, жала жабу, өтірік айту, зина жасау, адам өлтіру, ғайбат т.б.
4-Мүбәһ - істелуінде рұқсат бар, яғни діни тұрғыдан ешқандай тосқауыл қойылмаған іс әрекеттер. Мысалы: жеп-ішу, ұйықтау, т.б. Мұндай іс әрекеттердің орындалуы сауап, орындалмауы күнә емес. Бірақ бұл іс-әрекеттерді жасаған кезде сүннет ниетімен жасайтын болса, сауап алады. Мысалы; Бір мұсылман ұйықтаған сәтте, Пайғамбарымыз оң жағымен ұйықтағандықтан, осылай ұйықтаймын деген ниетпен жасаса, сауапқа кенеледі.
5-Сүннет дегеніміз не?
Пайғамбарымыздың (саллалаһу аләйһи уә сәлләм) жасаған және
« жасаңдар » деген әрі жасалғанын қолдаған іс-әрекеттер.
6-Бекітілген сүннет деген не?
Пайғамбарымыздың (саллалаһу аләйһи уә сәлләм) әрдайым жасаған сүнеттері. Таң, Бесін, Ақшам намаздарының сүннеттері тәрізді. Осы сүннеттерді орындағандар сауап алады, ал орындамағандарға жаза берілмейді. Алайда, бекітілген сүннеттерді орындамау мүмін үшін үлкен кемшілік болып табылады.
7-Бекітілмеген сүннет деген не?
Пайғамбарымыздың кейде жасап, кейде жасамаған сүнеттері. Екінді мен Құптанның алғашқы сүннеттеріндей. Бұл сүннеттерді іске асырғандарға сауап бар, ал орындамағандар күнәлі болып саналмайды.
8-Қиям деген не?
Қиям дегеніміз - намаз кезінде тіп-тік тұру.
9-Рукуғ деген не?
Рукуғ дегеніміз - намаз кезінде адамның екі қолын тізесіне қойып иілуі.
10-Сәжде деген не?
Сәжде дегеніміз намаз кезінде маңдай мен мұрынды жерге тигізу.
11-Рәкат деген не?
Рәкат дегеніміз - қиям, рукуғ және екі сәждеден тұратын намаздағы іс-әрекет